Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы Көкмардан жалпы білім беретін мектептің 2023-2024 оқу жылының тәрбие құндылықтары негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай 7 а сынып жетекшісі Зухра Есентаева «Жақұты барға жасын түспейді» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының құндылық индикаторлары: қазақ тілін қолдану аясын кеңейту, тіл саясатын дамыту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, Ар-ұят , адалдықты жоғары бағалайды, Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады. Оқушылар ана тілі туралы шығарма жазып, жыр жолдарын арнады. Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті. Бұдан кейін, Көкмардан жалпы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Бір отбасы- бір кітап» С.Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай мектеп кітапханашылары сайыс өткізді. Сайыс барысында ең алғашқы қазақ романының авторы Спандияр Көбеевтің өмірбаяны туралы айтып өтті. Жазушының шығармалары талқыланды. Спандияр Көбеев — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдарда мектеп ашқан адам. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білімі жөнінде көп қалам ербеген жазушы әрі ұстаз көптеген ауылда мектеп ашуға белсенді атсалысқан. «Оқытушының беделді болуының маңызы», «Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу», «Балаларды оқуға ынталандыру туралы» ғылыми мақалаларында педагогикалық көзқарасын, ұстанымын танытады. Спандияр Көбеевтің Крыловтан аударған, «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал өлеңдер мыналар еді: «Күйеу таңдаған сұлу қыз», «Өтірікші», «Аң ауалсқан қоян», «Емен мен тал шыбық», «Шал мен өлім», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Қасқыр мен мысық», «Шымшық пен көгершін», «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Көлбақа мен өгіз», «Қарға мен түлкі», «Аңға шыққан арыстан», «Маймылдар», «Қасқыр мен қозы» және тағы басқа өлеңдер. Оқушыларға осының барлығы терең талдап жеткізді.