Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның ұйымдастыруымен С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету, «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тәжірибесімен бөлісу. Семинар аясында Имаш Әлия, Шомекеева Аружан «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», Досова Ақбота, Маханбетова Қаракөз «Призма, пирамида, қиық пирамида тақырыптарына практикалық тапсырмалар орындау» тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Ақылды үй» жобасын жасап шықты. Исабекова Сауле, Аширова Ақшолпан «Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдігі» тақырыбында сабақ өтіп, оқушылардың зерттеуімен «Ландшафты жоба» жасап шығарды. Медетова Бақыткүл, Жамалбекова Арайлым «Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу» тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетіп, балмұздақ жасап қонақтарды таңқалдырды. Рендибаева Сабира, Илебаева Алтынкүл, Атеева Наргиза, Қаражігіт Айнагүл шебер сынып өтіп, өз тәжірибиелерімен бөлісті. Семинарға білім беру ұйымдарынан математика, физика, биология пәнінің мұғалімдері қатысты. Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс жасап, семинардан «STEAM» тәсілі біздің балаларымызды, өнертапқыштардың, жаңашылдардың және көшбасшылардың болашақ буынын ғалымдар секілді зерттеулер жүргізуге, технологтар секілді модельдеуге, инженерлер, математиктер секілді талдамалы түрде ойлауға және бала секілді ойнауға шабыттандыратын тәсіл екенін атап өтті. Талантты оқушылар келешекте Қазақстандық ғылымды дамытуға сүбелі үлес қосары сөзсіз.