Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында «Жаратылыстану пәндерінің әлемінде» атты химия, биология пәндері апталығының ашылу салтанаты және іс-шаралар жоспары жасалды. Апталықтың мақсаты — Биология және химия сабақтары барысында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын қабілеттерін дамыту болып табылады. Апталықтың айшықты көріністерінен сыр шерткен көріністерден оқушылардың пайдалы білімнің алғанының көрінісі. Апталықтың барысында «Тәжірибе-таным көзі» тақырыбындағы қызықты тәжірибелер алаңында оқушылар химия ғылымының құпияларының сырларымен танысты. Оқушылар азық-түлік құрамындағы дәрумендерді анықтау арқылы дұрыс тамақтана білу, салауатты өмір салтын ұстану керектігін және қоршаған ортаның тазалығы адамзат алдындағы негізгі міндет екендігін дәлелдеді. Апталыққа оқушылар тыңғылықты дайындалған әрі белсене қатысты. Аталмыш пәннің қыр сырына қанығып, түрлі тәжрибелер жасады. Пәнге қатысты түрлі сауалдарға жауап беріп, қызықты ойындар ойнады.