Ұлттың болашақ тағдыры бүгінгі қыз -ертеңгі аналардың қолында. Қыз тәрбиелі болса — ұлт тәрбиелі болады. Сондықтан да қыздардың тәрбиесі бүгінгі күннің тақырыбынынан түспеуі тиіс мәселелердің бірі. Осы орайда бүгінгі таңда Түркістан облысының барлық аудандарында қыз тәрбиесіне арналған түрлі іс шаралар өткізілуде. Жуырда Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы_білім_беретін_мектепте, жоғары сынып арасында қыздар жиналысы болып өтті. Оны ТІЖДО М.Астанова, Тәлімгер Д.Ашурметова, Қыздар кеңесінің төрайымы Х Абдусаламова, Орыс тілі пәні мұғалімі Н.Абдирахманова, Педагог-психолог Малика Астанова, Мектеп медбікесі Д.Эшанкуловалар ұйымдастырды. Жиын барысында қыз тәрбиесіне қатысты, қауіп қатерлі мәселелер талқы таразысына салынды. Аталмыш басқосу барысында «Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ТІЖДО М.Астанова арнайы баяндама оқыды. Оң жақта отырып жүкті болып қалудың қаншалықты қасірет екенін тағы да басқа мәселелерді тілге тиек етті. Салт дәстүр бойынынша да, денсаулық мәселесіне келгенде де оның қаншалықты қасірет екенін тереңнен қаузады. Ал «Есірткі және спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың алдын алу» тақырыбында мектеп медбікесі Д.Эшанкулова, «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу» тақырыбында Педагог-психолог Малика Астановалар басшылығында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, баяндамалар оқылды. Жиналысқа мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, қыздар арасында жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын жақсарту, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырбтарында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында «Өзін-өзі басқару ұйымы» мүшесі Мәдениет және өнер фракциясы министрі Хадича Адилбекова сөзге шығып, «Қызға қырқ үйден тию» рас екені туралы көпшілікке өзінің түсінгендерімен болысып, жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулуға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулуға, еңбекқорлыққа шақырып, өзара пікір алмасып отырды және жиын барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Өтпелі кезеңнің өтінде тұрған жоғары сыныптың қыздары мұндай тақырыптағы жиындардың жиі өткізілуін қолдайтындарын айтып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты — бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастырудың біріңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік органдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғам назарын аударудағы күштерін біріктіру, құқықтарды қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Ал шараның негізгі міндеті — қыздар арасындағы жат қылықтың алдын алу, жаман әдеттерден жирендіру, адам деген атты абыроймен алып жүру болып табылады.