Түркістан облысына қарасты созақ ауданы мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы аудан. Бүгінде аймақта мал шаруашылығын дамытып отырған шаруа қожалықтары көп. М.Асылбеков басқаратын «Жайлау» шаруа қожалығында екі мың гектар жерде 400 жылқы, 200 түйе жайылып жүр. Созақтың өлшемімен қарасақ, аяғынан нық тұрған орташа мал шаруашылығы. Түйе шаруашылығымен айналысу оңай емес. Дегенмен Созақ даласында маң маң басқан түйелер бетпақдаланы ен жайлайды. Түйелер үшін осы жер мен климат үшін ерекше жақсы. Қыста тұяғымен жер тарпып қар астынан тамақ алады. Қар қалың түскенде шөп сақтайды. Қаратаудың етегіндегі Шу өзенінің бойында жақсы шабындықтарда жайылады. «Созақ» кеңшарының шекарасынан тысқары жерлерге танымал малшының баласы Мейірбек осы кәсіпті мұрагерлік жолмен, өз қалауымен қолға алған. Атақты жылқышының баласы үшін кез келген институтқа оңай түсер еді, Одан басқа заңгер немесе мұғалім болалатын еді. Оның үстіне ол бала күнінде әкесіне совхоздың үйір-үйір жылқысын бағуға көмектескен малшы өмірінің бар ауыртпалығын бастан кешірді. «1991 жылы кеңшар тараған кезде, – деп еске алады Мейірбек, – әркім өз үлесін – бірнеше жылқы, түйе, біраз техника, жайылымдық жер алды. Сол жерден олар жеке кәсіппен айналыса бастады. Біреу бәрін сатып жіберіп, қалаға жұмысқа кетті. Ал біреу, әкем екеуміз сияқты, орнында қалды және ең жақсы шаруашылық істеуді шешті. Мал ұстадық және жиырма жылда шаруашылықты кеңейте алдық».