Экономика Ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды Редактор 24.05.2023 11540 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ширатуға, соның ішінде мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырма шеңберінде арнайы құрылған жұмысшы топ төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.у.а. Ғ. Құрманбай Келес ауданына келді. Жұмысшы топ төрағасының орынбасары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Келес ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар көп. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда Келес ауданындағы мал басын сәйкестендіру, Ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, өңірдегі ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы сынды мәселелер сөз болды. Қос тарап алдағы уақытта бірлескен ісшараларды атқара отырып, жоспарлы жұмыстарды нәтижелі аяқтауға уағдаласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 24188 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 43706 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 56199