Экономика Бірлескен іс-шара жоспарының мәселелерін ортаға салып жан-жақты талқылады Редактор 24.05.2023 8606 1 оқу мин ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында инспекция басшысының м.а М.Кошербаевтың бұйрығымен құрылған жұмыс тобы арнайы кездесуде Өзбекстан Республикасының өсімдіктер қорғау және карантині жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шара жоспарының мәселелерін ортаға салып жан-жақты талқылады.Сонымен бірге Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының арасындағы мемлекеттік шекара маңынан 3 шақырым аймақта карантинді объектілерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарына карантинді нысандардан келетін қауіптің жоқ екендігі туралы акт түзіліп, екі елдің қызметкерлері бірлесе жүргізілген анықтау-зерттеу жұмыстарының қортындысы бойынша шекара аумағында карантин саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы, басқа да мәліметтермен ақпарат алмасып отыруға келісті. Шекарааралық бірлескен анықтау-зеттеу жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында анықтау-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу жөнінде ортақ келісімге келді. Бұдан кейін келесі күні ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясында 2023 жылдың 22 мамыр күні облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі М.Кошербаевтың төрағалық етуімен zoom бағдарламасы арқылы бақылау бекеттерінің инспекторларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды күшейту, Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста инспекциядағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, ішкі тәртіптің қатаң сақталуын, әдептілік деңгейін көтеру және т.б. тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 118406 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 136901 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 140661