Экономика Жетісайлықтар қауын-қарбызды экспорттауды бастады Редактор 11.06.2023 5777 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданын қауын мен қарбыздың отаны деуге болады. Аудан шаруалары жыл сайын аталған көкөністен мол өнім алып рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Күні аптап ыстық болып келетін ауданда қауын қарбыз тез піседі. Биыл да аудан шаруалары жиын терімді ерте бастап кетті. Ауданның шалғай шетіндегі ауылдық округтердегі диқандар жалпы саны жеті мың тоннадан астам қарбыз мен қауын жинады. Оларды экспорттап та үлгерді. Жеті мың тонна өнім облыстың барлық базарларына орналастыруға, еліміздің түкпір түкпіріне тіпті сондай-ақ негізгі тұтынушы Ресейге сатуға жіберуге жеткілікті. Биылғы маусымда бақша дақылдарын жинау сәтті болды, сондықтан қарбыз бен қауын жинау кезінде баға айтарлықтай төмендейді. Қазір бастамасы ғана. Әрине жаңа піскен өнімнің бағасы әу баста жоғары болатыны белгілі. Дәл қазіргі уақытта қарбыздың келісі 120 теңгеден, ал қауын бағасы 70 теңгеден. Жетер жеріне жеткізілгенше бұзылып кетпес үшін арнайы қораптарға салынады. Әр қорапқа бақша дақылдары 6-7 данадан салынып, экспортталады, жалпы бір қорптың бағасы 11 мың теңгенің айналасында болады. Алдағы уақытта қауын қарбыз барынша пісіп жетілгенде бағасы түсері анық. Шілде айына қарай қолжетімді бағада сатыла бастайды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданы биылғы маусымда облыс бойынша қарбыз мен қауын өсіруге ең көп жер – 20 мың гектарға жуық жер бөлген. Облыста бақша дақылдары 69 мың гектар алқапқа егілген. Ынтымақ және Атамекен ауылдық округтері бақша шаруашылығына барлығы 3300 гектар жер бөліп отыр – бұл қомақты аумақ. Ерте пісетін қарбыз мен қауынды мол көлемде жинаған «Камильжан» мен «Павел» шаруашылықтары болып отыр. Бақша дақылдарының жиын терімі әлі біткен жоқ. Енді басталып жатыр. Олардың қанша гектардан қанша тонна өнім алғаны алдағы уақытта белгілі болатын болады. Түркістан облысындағы ең ыстық аудандар Мақтаарал, Жетісай және Шардарада мақта монополисттік өнім болудан әлдеқашан қалған. Шаруалар рентабельділігі кем емес басқа өнімдер бар екенін зерделеп, өтімділігі жоғары сол өнімдерді молынан егуді қолға алуда. Ал олар асқабақ болып шықты. Аталғн өнімге сұраныс өте жоғары болып шықты. Әсіресе қысы қатты солтүстік өңірлер асқабақты экспорттауға қолайлы аймақтар болып саналады. Сондықтан да шаруалар биыл асқабақты молынан екті. Алдағы уақытта жиын терім кезінде асқабақтың өтімділікті өкіртетіні анық. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 13473 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 19828 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 77196