Экономика Қаланы суландыру басты назарда Редактор 13.06.2023 7921 1 оқу мин Су ресурстарын дамыту бүгінде басты назарда тұр. Рухани астанамыз Түркістан қаласын суландыру жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Бірнеше бағыттағы кіші каналдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қалаға су тартылды. Осылай климаты құрғақ, азынаған желі бар, шөлді, жаз мезгілі ұзақ болатын Түркістанды көгалдандыру үшін ең алдымен суландыру жүйесін жетілдіру керек болды. Нәтижелі жұмыстардың арқасында жүздеген су арналары пайда болды. Соның арқасында Түркістан жасыл желегі жайқалған әсем қалаға айналды. Суландыру жұмыстарын жүргізу арқылы қала ішіндегі және айналма жол бойында отырғызылған ағаш көшеттері мен жасыл желекті суғаруға толық мүмкіндіктер туды. Арнайы жасалған арықшалардан келген су қаладағы барлық көкөскінді суандыруда. Одан бөлек басқа да жаңа тиімді технологиялар қолға алынуда. Түркістан қаласында көгалды аумақтарды аэрация әдісімен суару жүйелі жалғасуда. Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 2 рет: 7:00-11:00 аралығында және кешкі 20:00-00:00 аралығында атқарылуда. Бүгінде қаланың Қазыбек би, Байбұрт, С. Қожанов және әкімшілік-іскерлік орталығында көгал мен ағаштарды суғаруға 34 техника қолданылуда. Жалпы, аэрация ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс. Ол асфальт, бетон жол төсемінен қызған ауаны салқындату үшін жасалады. Сонымен қатар тікелей күн сәулесінің әсерінен асфальтты қорғауға ықпал етеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 257134 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 279114 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 285641