Экономика Қаланы суландыру басты назарда Редактор 13.06.2023 6958 1 оқу мин Су ресурстарын дамыту бүгінде басты назарда тұр. Рухани астанамыз Түркістан қаласын суландыру жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Бірнеше бағыттағы кіші каналдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қалаға су тартылды. Осылай климаты құрғақ, азынаған желі бар, шөлді, жаз мезгілі ұзақ болатын Түркістанды көгалдандыру үшін ең алдымен суландыру жүйесін жетілдіру керек болды. Нәтижелі жұмыстардың арқасында жүздеген су арналары пайда болды. Соның арқасында Түркістан жасыл желегі жайқалған әсем қалаға айналды. Суландыру жұмыстарын жүргізу арқылы қала ішіндегі және айналма жол бойында отырғызылған ағаш көшеттері мен жасыл желекті суғаруға толық мүмкіндіктер туды. Арнайы жасалған арықшалардан келген су қаладағы барлық көкөскінді суандыруда. Одан бөлек басқа да жаңа тиімді технологиялар қолға алынуда. Түркістан қаласында көгалды аумақтарды аэрация әдісімен суару жүйелі жалғасуда. Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 2 рет: 7:00-11:00 аралығында және кешкі 20:00-00:00 аралығында атқарылуда. Бүгінде қаланың Қазыбек би, Байбұрт, С. Қожанов және әкімшілік-іскерлік орталығында көгал мен ағаштарды суғаруға 34 техника қолданылуда. Жалпы, аэрация ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс. Ол асфальт, бетон жол төсемінен қызған ауаны салқындату үшін жасалады. Сонымен қатар тікелей күн сәулесінің әсерінен асфальтты қорғауға ықпал етеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 141117 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 163795 КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 170949