Экономика Каналдарға су жіберу кестесі бекітілді Редактор 18.06.2023 7579 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында ауыл шарушылығы жақсы дамыған. Егістік жерлерде егін егуден бөлек, жылыжай шаруашылығын дамытып отырғандар да көп. Кетпенін күнге сүйдірген еңбекқор дихандар үшін ағын су мәселесі бірінші орында тұр. Еккен егіннің бітік шығуы үшін, бау бақшаның мол өнім алуы үшін ағын судың алар орны ерекше. Бүгінде Сайрам ауданы бойынша суармалы жер көлемі – 18 500 гектарды құрайды. Оның ішінде үй іргелік жерлер 5 073 га болса, суармалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірет жерлер 13 427 гектарды құрайды. Суармалы жерлерді ағын сумен 53 канал арқылы қамтамасыз етіледі және Ақсу өзеніндегі судың деңгейі төмендеуіне байланысты ағын су тапшылығы туындайтыны да рас. Осыған орай, аудан бойынша ағын су шаруаларға кестемен беріледі кейде. Жуырда Сайрам ауданында «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында осы мәселе бойынша кездесу өткізілді. Қазіргі таңда ағын су бойынша шаруаларға егістікке беріліп жатыр. Сайрам ауданында пайдаланушылардың ағын суға жылдық қажеттілігі 140-150 млн м3 құрайды.Ағын су 2016 жылмен салыстырғанда, судың деңгейі 2023 жылға 35 пайызға азайған. “Жоғарғы Ақсу” су бөгетінен “Ақсу” өзенінен келе жатқан судың деңгейі 9,5 м3/сек азайған кезде каналдарға су аударма жасау кестеге сәйкес жіберіледі. Кәсіпкерлер палатасы “Ақсу” МКК гидротехниктері, су бақылаушылары мамандарының қатысуымен жиналыс өткізіп түсіндіру жұмыстары жүргізілу келісімімен каналдарға су жіберу кестесі бекітілді. Аймақта су ресурстарын дамыту мәселесі ұдайы назарда тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 13014 ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 19511 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 76790