Экономика Каналдарға су жіберу кестесі бекітілді Редактор 18.06.2023 8779 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында ауыл шарушылығы жақсы дамыған. Егістік жерлерде егін егуден бөлек, жылыжай шаруашылығын дамытып отырғандар да көп. Кетпенін күнге сүйдірген еңбекқор дихандар үшін ағын су мәселесі бірінші орында тұр. Еккен егіннің бітік шығуы үшін, бау бақшаның мол өнім алуы үшін ағын судың алар орны ерекше. Бүгінде Сайрам ауданы бойынша суармалы жер көлемі – 18 500 гектарды құрайды. Оның ішінде үй іргелік жерлер 5 073 га болса, суармалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірет жерлер 13 427 гектарды құрайды. Суармалы жерлерді ағын сумен 53 канал арқылы қамтамасыз етіледі және Ақсу өзеніндегі судың деңгейі төмендеуіне байланысты ағын су тапшылығы туындайтыны да рас. Осыған орай, аудан бойынша ағын су шаруаларға кестемен беріледі кейде. Жуырда Сайрам ауданында «Ақсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында осы мәселе бойынша кездесу өткізілді. Қазіргі таңда ағын су бойынша шаруаларға егістікке беріліп жатыр. Сайрам ауданында пайдаланушылардың ағын суға жылдық қажеттілігі 140-150 млн м3 құрайды.Ағын су 2016 жылмен салыстырғанда, судың деңгейі 2023 жылға 35 пайызға азайған. “Жоғарғы Ақсу” су бөгетінен “Ақсу” өзенінен келе жатқан судың деңгейі 9,5 м3/сек азайған кезде каналдарға су аударма жасау кестеге сәйкес жіберіледі. Кәсіпкерлер палатасы “Ақсу” МКК гидротехниктері, су бақылаушылары мамандарының қатысуымен жиналыс өткізіп түсіндіру жұмыстары жүргізілу келісімімен каналдарға су жіберу кестесі бекітілді. Аймақта су ресурстарын дамыту мәселесі ұдайы назарда тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 3747 ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 239647 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 260292