Экономика ТҮРКІСТАНДЫҚ ТРАКТОРЛАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ Редактор 04.10.2023 31624 1 оқу мин Түркістан облысы Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. 2021 жылдан бастап қытайлық компаниямен бірлесіп, қосалқы бөлшек алып трактор құрастырумен айналысатын өндіріс орны бүгінде ауыл шаруашылығы саласында танылып үлгерген. «KAZKIOTI» ЖШС қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде. Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 600 дана трактор құрастырады. Аталған компания өнімін аламын деушілерге көрсетілер мемлекеттік қолдау да бар. Яғни, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі. Заман талабына сай құрастырылып жатқан тракторлар шаруалар үшін таптырмас көлік. Көктем, жаз және күз айларында жұмысы қыза түсетін ауыл шаруашылығы саласының мамандары үшін трактордың дыбыс оқшаулау жүйесі, жайлы орындығы мен желдеткіші бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 7094 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 6349 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 57181