Экономика ТҮРКІСТАНДЫҚ ТРАКТОРЛАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ Редактор 04.10.2023 34825 1 оқу мин Түркістан облысы Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. 2021 жылдан бастап қытайлық компаниямен бірлесіп, қосалқы бөлшек алып трактор құрастырумен айналысатын өндіріс орны бүгінде ауыл шаруашылығы саласында танылып үлгерген. «KAZKIOTI» ЖШС қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде. Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 600 дана трактор құрастырады. Аталған компания өнімін аламын деушілерге көрсетілер мемлекеттік қолдау да бар. Яғни, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі. Заман талабына сай құрастырылып жатқан тракторлар шаруалар үшін таптырмас көлік. Көктем, жаз және күз айларында жұмысы қыза түсетін ауыл шаруашылығы саласының мамандары үшін трактордың дыбыс оқшаулау жүйесі, жайлы орындығы мен желдеткіші бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 11297 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 8586 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 12401