Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап беретіндігін ескертеді

30 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-06-21

Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша жұртшылықты кеңінен ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы өткізілуде. Акция барысында дағдарыс орталықтарының үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын тарта отырып, арнайы қауырт желі бойынша сенім телефоны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, азаматтар жаппай жиналатын орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша жадынамалар мен буклеттер тарату жұмыстары жүргізілуде. Отбасындағы зорлық-зомбылық ең алдымен ана мен балаға әсер етері анық. Яғни жанұясында түрлі зорлықты ұрып-соғу, жанжалды көріп өскен баланың санасы уланары сөзсіз. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары түрлі кездесулер, жиындар, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен Түркістан облысына қарасты Сарығаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің мамандары Жанар Нұрмышева, Жәнібек Жүнісов тұрғындармен кездесіп, тақырыпқа қатысты брошюролар таратты. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы болғандықтан, кез-келген жағдайда жәбір көрсеткен адам заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея