Экономика Жыл он екі ай өнім өсіреді Редактор 12.11.2022 14748 1 оқу мин Жыл он екі ай өнім өсіреді Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды дамып келеді. Серіктестік басшысы ашық егістік жерге жылына 2-3 рет көкөніс өсіріп, өнімін молынан жинап отыр. Онымен ғана шектеліп қалмай жылыжай шаруашылығымен де айналысады. Шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсірумен айналысуда. Жергілікті тұрғындардан төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 миллион теңгені құрайды. Бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Әрине жер ананы өңдеп өнімін алып отырған шаруа оның нәсібін де көретіні анық. Ашық егістікте де, жылыжайда да өсірілген өнімдердің жерде қалғаны жоқ. Барлық өнімге сұраныс мол. Шаруа қожалығының иесі алдағы уақытта иелігіндегі жер көлемін көбейтіп, өсіретін өнім ауқымын да арттыруды жоспарлап отыр. Соған сай жергілікті тұрғындарға да екі қолға бір күрек тауып бермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 8369 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 6204 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 9373