Руханият ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 3 ЕГІЗ БІР МЕКТЕПТІҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ Редактор 02.09.2023 19250 1 оқу мин Келес ауданындағы №23 1-Мамыр жалпы білім беретін мектебінің 1-сыныбына үш егіз барды. Олар: Алинұр мен Айзере, Әділбек пен Әсілбек, Аман мен Есен. Аталған білім ошағында «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасы өтіп, бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталды. Аталған білім ошағына биыл 85 бүлдіршін бірінші сыныпқа барса, олар 4 сыныпқа бөлініп білім алады. Өткен жылы 27 оқушы түлеп ұшса, соның 10-ы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы білім гранттарының иегері атанған. Айта кетейік, Келес ауданында 2023-2024 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 3100-ден аса оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылынан бастап аудандағы 1-4 сыныпта оқитын 13000-нан аса бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, аудан бойынша 3200-ден аса бала мектепке тасымалданса, биыл «Балалар жылы» аясында Келес ауданына 12 заманауи автобус берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бәрі жабылады… 1 оқу мин Руханият Бәрі жабылады… 12.05.2026 11325 «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 1 оқу мин Руханият «Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды 11.05.2026 11370 Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 1 оқу мин Руханият Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті 25.03.2026 21775