Руханият ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Редактор 26.09.2023 11479 1 оқу мин Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Ол ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев басқарма төрағасына мектептердің құрылысына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық мектебінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының іргетасы қалануда. Басқарма төрағасы мердігер мекеменің басшылығына құрылыс сапасын басты назарда ұстауды тапсырды. – Мектептердің құрылысы толыққанды аяқталған соң пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс та, жабдықтау да сапалы жүргізілуі керек. «Қазақтелеком» АҚ мекемесі арқылы құрылыс нысандарына интернет желісі тартылады. Бұл арқылы біз арнайы платформаны іске қосамыз. Нәтижесінде құрылыс сапасы сынды көптеген ақпараттарды тікелей бақылауға мүмкіндік туындайды, – деді Мәулен Айманбетов. Басқарма төрағасы мен аудан әкімі «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында салынып жатқан Абай ауылындағы 600 орындық мектеп алаңына барып, мердігерге құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес өз мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, Келес ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Олардың үшеуінде биыл құрылыс жұмыстары басталса, келесі жылы Жуантөбе және Ескіқорған ауылдарында жаңа білім ошақтарының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ӘЙГІЛІ «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ӘЙГІЛІ «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ 03.05.2024 4810 «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 11260 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 13538