Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

СТАМБҰЛДАҒЫ “АТЛАС” КИНОТЕАТРЫ МЕН КИНЕМАТОГРАФ МУЗЕЙІ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-03-16

Стамбұлдағы Истиклял даңғылына орналасқан «Атлас» тарихи кинотеатры 2019-2020 жж. аралығында қайта жөндеуден өткеннен кейін көрерменге есігін ашты.

Ашылу салтанатына Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен бірге ілемге танымал режиссер Гай Ричи,актерлар Джейсон Стетхэм, Джош Гарнетт, Джеки Эйнсли, қазір Гай Ричи Антальяда түсіріп жатқан «Бес көз» жаңа фильміне түсіп жатқан актерлар мен актрисалар қатысты.

Іргетасы 1948 жылы қаланған кинотеатрда 483 орын, 13 және 7 мтерлік сахна бар. Аталған нысанның ішінде 8 мыңнан астам түрік фильмінің материалдары, әлемдік және түрік кинематографиясы тарихындағы естеліктер, марапаттар қойылған Кинематограф музейі орналасқан.

Кинотеатр мен музей орналасқан ғимарат 1870 жылы Абдул-Азиз сұлтан билігі кезінде салынған. Неоклассика, стиліндегі нысан мәрмәр тастармен, түрлі құрылыс материалдарымен декорацияланған. Таксим алаңы мен Йешилчам көшелерінің қиылысындағы кинотеатр Бейоғлұ ауданындағы Beyoğlu Culture Road тарихи көшесінің ажырамас бір бөлігі іспетті.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

6

7

9

10

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея