Бүгін «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясының төртінші күні. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы мен Шымкент қаласы әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» форумы болып өтті. Шараға мемлекеттік органдар мен мекемелердің, ірі, орта, шағын кәсіпорындардың қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары зиялы қауым мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Форумда, БАҚ арқылы өз жұмысын мемлкеттік тілде кеңінен насихаттаған мамандар, мемлекеттік тілді игеріп, түрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген өзге ұлт жастары марапатқа ие болды. Форумның негізгі мақсаты-мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын насихаттау, тіл татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін ұғындыру болып табылады.