ОҚО Бәйдібек ауданында кәсіпкерлер биылғы қол жеткізген жетістіктерді баяндаған алқалы жиын болып өтті. Басқосуға аудан әкімі арнайы қатысқан болатын. Бәйдібек ауданында биылғы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімі 2 млрд. теңгеден асып отыр. Нәтижесінде нақты көлем индексі 100 пайызды басып озды. Белсенді кәсіпкерлік субъектілері де былтырғымен салыстырғанда, біршама өскені байқалады. Ауданда шағын және орта бизнес субьектілері өткен жылға қарағанда өскені байқалады. Шығарған өнім мен көрсетілген қызмет түрлері 2 млрд. теңгенінің көлемінде. Әртүрлі салада өнім өндіретін кәсіпкерлерден түсетін салық түсімі де көбейген. Жеке кәсіпкерлер есебінен 74,2 млн. теңге салық төленген. Ауданда кәсіпкерлер қатарын көбейту үшін де атқарылып жатқан тірлік аз емес. Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 152 кәсіпкерге бизнесті дамыту жөнінде кеңестер беріліп, Қаржы институттарынан 78 жоба несиемен қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінгі таңда үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша бірнеше ірі жоба қолға алынып отыр. Соған орай қажетті инфрақұрылымдар тартылған. Шетелдік инвесторлар тарту да күн тәртібінен түскен емес. Осы бағытта келешекте бірнеше жоба іске асырылмақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498