ОҚО-на қарасты Отырар ауданындағы Балтакөл ауыл округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай елдегі беделді «Нұр Отан» партиясының елмен етене, әлеуметпен әріптес ашық есік күні болып өтті. Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төребек Айдарқұлов партияның атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Ашық әңгімеге құрылған ашық есік күнінде ауыл тұрғындары, партия мүшелері көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптарын алды. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов сөз алып, Балтакөл ауыл округінде Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті. Бұл орайда Елбасымыз төрағалығымен істің партиясы атанған «Нұр Отан» партиясының саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан игілікті істер көп. Нақтырақ айтсақ, Сырдария өзеніне салынған темір-бетон көпір, медтіректер мен аурухана, мектептер, ағын су каналдары, ауыл ішіндегі тас төселген көшелер және Көксарай бағытында күрделі жөндеуден өткен асфальт жол т.б. атап өткендігіміз абзал. Ауыл тұрғындарымен ашық дидарласып, ой бөліскен «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне мұндай игілікті істерді алдағы уақыттарда да жалғастыра бермек.
Связанные истории
12.12.2016
28675
29.11.2016
38129