ОҚО Түркістандықтардың мәдениет пен әлеуетке арнаған концерттік бағдарламасы көңілді кешке ұласты. Рухани жоба аясында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде болып өтті. Өнер сарапшылары мен қала тұрғындарының көтеріңкі көңіл-күйі үшін бұл күні ауданның барлық өнерпаздарының күші жұмылған. Театрландырылған қойылым, оркестр және жеке орындаушылар. Әзіл-сықақ форматындағы көрсетілімдер мен сазды әуендер кешке жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ал, таңнан бері Түркістандай киелі мекеннің тыныс-тіршілігімен танысып, келелі жетістіктерін саралаған қазылар алқасы шараның жоғары баға берді. Әбдіхалық Әбдірайымов — «Түркістан» сазды-драма театры директорының орынбасары «Азаннан бері жастарға тәрбие беретін қойлыымдар мен іс-шаралардың куәсі болып келеміз. Одан, міне ән-би өнер топтары өнер көрсетуде. Жаплпы, Түркістандықтар жыл сайын бас бәйгеде алдына жан салмайды. Биыл да жақсы дайындалып келіпті». Мәдени шараға елімізге танымал өнер майталмандары да атсалысты. Белгілі әзіл-сықақшы «Алдараспан» театрының әртісі әрі директоры Нұржан Төлендиев үшін туған жерінің мәртебесі – бәрінен де асқақ. Нұржан Төлендиев — «Алдараспан» әзіл-сықақ театрының директор «Алланың қалауымен «Туған жер – алтын бесігім» аттыт іс-шараның куәсі болып отырмыз. Өзім Түркістан тумасы болғаынма мақтан етемін. Түркістаннан менің ұстазым Райымбек Сейтметов туған, Түркістаннан қазақтың сүйікті ұлы, әнші Қайрат Нұртас туған». Өнерде беделі биік жұлдыздардың қолдауы осы күні түркістандықтардың мәртебесін көкке көтерді. Әлі бәсекеде 6 аудан бар. Ал, жүйрікті анықтау – қараша айына жоспарлануда.
АЙЗАТ Бауыржанқызы