Леңгір қаласы аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы А.Әбдікәрімнің қатысуымен Төлеби ауданы жастарымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» ұранымен «Серпін-2050» бағдарламасы арқылы аудан жастарын еліміздің солтүстік, шығыс аймақтарындағы оқу орындарына тарту. Әлеуметтік жоба бойынша Оңтүстік жастары бөлінген гранттар арқылы оқу орындарына түсуге болатын мүмкіндіктер, жас түлектерге тарапынан жасалатын жеңілдіктер жөнінде кеңінен баяндап, қазіргі таңда оңтүстік аймақтағы жастар тарапынан сұраныстың артып отырғанын жеткізді.
Кездесуге қатысқан ата-аналар мен түлектер сала мамандарына сауалдарын жолдап, аталған аймақтарда білімдерін жетілдіруге ниетті екендіктерін білдірді.
Связанные истории
18.01.2021
25866
26.02.2020
25899