Экономика Агроқұрылымдар қажеттілігіне пайдалануға әрі тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік беруде Редактор 23.04.2023 13380 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Ә.Смайловтың 23.03.2023 жылғы тапсырмасы негізінде көктемгі егіс жұмыстарына мемлекет тарапынан бөлінген дизель отыны 28 наурызынан бастап дизель отыны үшін бояғыш заттар қосылып жөнелтілуде. Бұл өз кезегінде дизель отыны нарыққа сатылмай агроқұрылымдар қажеттілігіне пайдалануға әрі тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік беруде. ҚР МӨЗ-дегі дизель отыны Кеден одағының КО ТР 013/2011 «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне және ГОСТ 32511-2013 «Дизель отыны Еуро. Техникалық шарттар» және К-4, К-5 экологиялық класына толық сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына жөнелтілетін дизель отыны тиісті түстерге (АМӨЗ – сары, ПКОП – көк, ПМХЗ – қызыл) боялады және жоғарыда көрсетілген құжаттардағы сапа көрсеткіштеріне сәйкестігіне паспортталады. Бояудан кейінгі дизель отынының сапасы өнімнің әрбір партиясына қоса берілетін сапа паспортымен расталады. Бояғыштың дизель отынының сапалық сипаттамаларына әсер етпеуі зауыттық аккредиттелген зертханалардың, оның ішінде ПМХЗ-да зертханалық қызметтер көрсететін «ИП SGS Қазақстан ЛТД» ЖШС тәуелсіз халықаралық компаниясының жүргізілген сынақтарының нәтижелерімен расталады. Бүгінде Түркістан облысының барлық аудандарындағы шаруа қожалықтарына жанар жағар май толық жеткізілді. Шаруалар егістікке қажетті мұнай өнімдерімен толық қамтылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470