Экономика Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты Редактор 13.05.2023 8843 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекеніне арнайы барып, Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты. Айта кетсек, аудандық коммуналдық меншіктегі Кескен магистрал каналының жалпы ұзындығы 12,0 шақырым. Аталған канал күрделі жөндеуден өтпеуінен және техникалық нашарлығынан су өткізу қабілеті төмендеп кеткен. Осыған байланысты, Кескен магистральдық каналынан тармақтанып шығатын Құркелес және Тегісшіл ауылдық округіндегі Сарыүйсін каналына су келмеуде. Каналға іргелес орналасқан 1216 га егістік жер көлеміне ағын су келмеуіне байланысты егіншілікпен айналысатын тұрғындарға қиындық тудыруда. Тұрғындардың мәселесін тыңдап, каналдың жағдайымен танысқан аудан әкімі: — Ауыл тұрғындары негізінен егіншілікпен айналысатын болғандықтан, елді мекенге ағын су жеткізу өте маңызды. Мен қолда бар көмекті көрсетуге әрқашан дайынмын,-деді. Келесі кезекте аудан әкімі Шошым каналының жәй-күйімен танысуға арнайы барды.Каналдың жағдайымен танысқан Арман Абдуллаев табиғи фильтрация арқылы сызаттап жатқан суларды канал бойында орналасқан қашыртқыларды механикалық тазалау арқылы сызат суының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 8857 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 7139 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 57996