Экономика Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтарда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде Редактор 21.05.2023 6393 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар көп. Олардың басым бөлігіне бүгінде Ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ҚР АШМ ВБжҚК Шардара аудандық аумақтық инспекциясы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. «Мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық–санитариялық қорытынды беру» тәртібі Ветеринариялық–санитариялық қорытынды — ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау объектілерілерінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкестігіне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша ветеринариялық – санитариялық инспекторлар тарапынан рәсімделетін ветеринариялық құжат. Көрсетілетін қызметті беруші (ҚР АШМ ВБжҚК Шардара аудандық аумақтық инспекциясы) мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелер бойынша мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық–санитариялық қорытындыны береді. Көрсетілетін қызметті алушы (жеке және заңды тұлғалар) тарапынан ҚР АШМ 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 7-1/453 бұйрығының (бұдан әрі-Қағида) 7–қосымшасында көрсетілген төмендегі құжаттар топтамасын «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov. kz.) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы тиіс. Қағиданың (8-қосымша) нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;Меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын немесе жалдау шарты құқығындағы тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; Ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін төленетін ақының төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) хабарлама не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронлық үкімет» шлюзі арқылы алды. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің ветеринариялық талаптарға сәйкестігі анықталғанда көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ветеринариялық-санитариялық қорытындының дайын екендігі туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» (көрсетілетін қызметті алушының ақпарттық жүйедегі дербес веб-парақшасы) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы; мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық–санитариялық қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар. Сонымен қатар, көрсетілген талаптарға объектінің сәйкес еместігі туралы, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымы бар ветеринариялық-санитариялық қорытынды алған көрсетілетін қызметті алушы оларды жойғаннан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге қайта өтініш бере алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 2220 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 2184 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 15325