Су және жер ресурстарын тиімді пайдалануды анықтайтын суғару және дренаж мәселелері суландыру жүйесінің техникалық жағдайына тікелей байланысты. Елімізде 643 гидротехникалық құрылыстар бар, соның ішінде республикалық меншігінде – 61 су қоймасы және 98 сужинағыш ғимараттар бар. Қазақстан аграрлық ел, атмосфераға парниктік газдардың және ауа кірнелерінің қарқынды шығарындылары ел климатының құрғақшылығын жылдамдатады. Республикада ауыл шаруашылығындағы ағын суларды тазалау, басқару және пайдалану үшін дүние жүзінде пайдаланылатын технология мен тәсілдер трансферті бойынша ағын суларды басқару мәселесі өзекті. Бүгінде су ресурстарын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов бастаған топ ПУИД-2 бағдарламасы аясында жүріп жатқан каналарды бетонмен қаптау құрылыс жұмыстарымен танысты.Алатау батыр ауылдық округіне қарасты №685 ағын су бекетінің жұмыс барысын қарап, каналдарды бетондау бойынша жұмыс атқарып жатқан «Тахал» және «Мелиоратор» мердігерлік компанияларының өкілдерімен кездесіп, оларды жұмыс жоспарларымен танысты.Сонымен қатар, 4ПР-2 каналының бойындағы құрылыс жұмыстарында орын алған кемшіліктерді қарап, шаруалар мен мердігер компаниялардың жоспарлы келісілген түрде жұмыс жүргізу керектігі сөз болды. Өйткені, Алатау батыр және Қызылқұм ауылдарында жүзеге асып жатқан каналдарды бетондау жұмыстары ондағы диқандардың суармалы жерін суландыру мақсатында жүргізілуде. Бұдан бөлек, жұмысшы топ 140 адамды жұмыспен қамтып отырған Алатау батыр ауылындағы «Шебер» тігін цехының жұмысымен танысып, мемлекет тарапынан қажетті қолдаулар бойынша ықпал жасайтындықтарын жеткізді.