Экономика Ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды Редактор 24.05.2023 7056 1 оқу мин Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ширатуға, соның ішінде мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Берілген тапсырма шеңберінде арнайы құрылған жұмысшы топ төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.у.а. Ғ. Құрманбай Келес ауданына келді. Жұмысшы топ төрағасының орынбасары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевпен кездесіп, бірқатар мәселелер талқыланды. Келес ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар көп. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда Келес ауданындағы мал басын сәйкестендіру, Ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды және уақ мал тоғытатын орындарды салу, өңірдегі ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы және ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы сынды мәселелер сөз болды. Қос тарап алдағы уақытта бірлескен ісшараларды атқара отырып, жоспарлы жұмыстарды нәтижелі аяқтауға уағдаласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 1873 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 1816 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 15071