Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы елді мекендерін сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытында жұмсытра қарқынды жалғасуда. Бүгінгі таңда, энергия көздері бойынша қосымша су электр станциясы пайдалануда, сондай-ақ қосымша тағыда бір шағын су электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандағы электр энергияларды өндіру саласын дамытып келе жатқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында Жарты төбе ауылдық округі, Құрама елді мекені аумағындағы, Келес өзенінің бойында орналасқан 4,5 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясына барды. Аталған су электр станциясының құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, Жарты төбе және Құркелес ауылдық округінде 2000 абонентті электр қуатын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, аудан басшысы «Келесгирострой» ЖШС-нің Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде жоспарланудағы су электр станциясының жерімен танысты.