Экономика Түлкібас ауданына инвесторлардың қызығушылығы жоғары Редактор 17.06.2023 11702 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аумақ. Әсіресе ауданда құс шаруашылығымен айналысатындардың қарасы қалың. Алдағы уақытта аудан аумағында құс фабрикалары тағы да көбейетін болаы. Түлкіас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесудегі басты мақсат аудан аймағына ірі кәсіпорын ашып, халықты жұмыспен қамтып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. «Henhof» ЖШС-нің басшысы Колесников Олег Александровичті қабылдаған аудан басшысы компанияның жеке жұмысына тоқталып, негізгі бағыттарымен танысты. Тауық етінен өнімдер өндіретін құс фабрикасы 2000 адамды жұмысқа қамтуға қауқарлы. Жылына 40-45 мың тонна өнім өндіруге қуаттылығы жететін кәсіпорынға мемлекет тарапынан жер берілсе болғаны. Компания басшысы су, жарық, көгілдір отын жеткізіліп, қолдау көрсетілсе жұмысты қазірден-ақ бастап, қарқынды еңбек күшін көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Құс етінің өнімдерін Қазақстанның барлық сауда бекеттері мен алыс-жақын шетелдерге экспорттауға мүмкіндіктерін барын да айтып өтті. Құны 122 млрд теңгені құрайтын фабриканың жоспарымен егжей-тегжейлі танысқан аудан басшысы Н.Ізтілеуов алдағы уақытта біріге жұмыс жасап, жақсы нәтижелердің куәсі болатынына сенім білдірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 42457 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 61269 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 73647