Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының жаңадан сайланған әкімі Арман Сәбитұлы Қарабұлақ ауылдық округіне барып, ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен шешімін қажет ететін өзекті мәселелермен танысып қайтты. Атап айтқанда, «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолы бойындағы ағын су арнасындағы басталған жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған. Нысан құрылысын толық аяқтауға ықпал етуі сұралды. «Қарабұлақ» мал базарының ветеринариялық, санитариялық талаптарының сақталуы бойынша ветеринар маманын тыңдады. Бұдан бөлек, Далабазар көшесіндегі ауыз су ұңғымасы бойынша құрылыс жобасына, сонымен қатар орталық көшенің жолын кеңейтуге, ауылдық мәдениет үйі мен №41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы көзін қарастыру мәселесі ұсынылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орында болып, жабу және маңындағы заңсыз құрылыстарды анықтап, шара қабылдау керектігі айтылды. Аралаудың соңында, ауылдық округінің әкімі аппаратында ауыл әкімінің алдағы жоспарлары тиісті сала басшыларымен бірге талқыланды. Т.Рустемов көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарын зерделеп, олардың ішінде заңсыз құрылыстарын анықтап, шара көруді, ауыл аумағында нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай жатқан тұрғын үй, кәсіпкерлік секілді нысандардың жер телімдерінің заңдылығын анықтап, сот тәртібімен шешу жолдарын қарастыру бойынша тапсырмалар берілді.