Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПАРААКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА Редактор 05.09.2023 15036 1 оқу мин ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПАРААКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЕЛ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА Сербияда академиялық және параакадемиялық есуден әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі сынға ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі параакадемиялық есу шебері барды. Олар: Темірхан Дайырбек пен Ақберен Балабек. Айта кетерлігі, бұл спортшылар Қазақстанның параакадемиялық есу спорты тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысушылар етінде спорт жылнамасына еніп отыр. Егер жоғары нәтижеге қол жеткізсе, Париж паралимпиадасына жолдамаға ие болмақ. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы, Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің директоры Денис Жарменов Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) басшысы Жан-Кристоф Ролланмен, сондай-ақ Халықаралық академиялық ескек есу федерациясының (FISA) Бас хатшысы Винсент Гейллардпен кездесті. Жүздесуде Түркістан өңірінде академиялық ескек есу спортының даму қарқыны туралы баяндалып, Қазақстанда академиялық ескек есу спортын дамыту бойынша бірлесе жұмыс атқару бастамалары талқыланды. Жан-Кристоф Ролланға Қазақстанға, оның ішінде Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келу жөнінде ұсыныс берілді. Айта кетейік, параакадемиялық спортын дамыту Қазақстан бойынша тұңғыш рет Түркістан облысында қолға алынып, даму үстінде. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта өңір спортшылары Паралимпиада ойындарына, әлемдік додаларға көптеп қатысады деген жоспар бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 9364 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 13577 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 441652