Әлеумет Арнайы алғыс хаттар табыстады Редактор 05.10.2023 13052 1 оқу мин Түркістанда ұстаздар күні атап өтілді. Ұстаздық қызметте жүрген қала тұрғындарына құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова мен ардагер ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шара шаһар басшысының мерекелік жылы лебізімен басталды. – Бауыржан Момышұлы айтқан ұлы қызмет иелеріне қай уақытта құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі анамыздан кейінгі бойымызға сіңген білімнің кілті осы кісілердің қолында. Еңбек жолдарыңызда жарқын жетістіктер мен ұстаздық өмірлеріңізге сарқылмас өнеге көп бола берсін, – деді қала әкімі Шара барысында қала әкімі түркістандық ұстаздарға арнайы алғыс хаттарын табыстады. Содан соң оқушылар сарайының білім алушылары өз кезегінде мерекелік концерт ұсынды. Басқосу соңында қалалық білім бөлімінің басшысы ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 67 мектеп бар. Ондағы 52 720 оқушыға 5170 ұстаз білім береді. Биылғы оқу жылын түркістандық 4615 оқушы 1-сыныппен бастаса, 11-сыныпты 2631 түлек тәмамдағалы тұр. Күн өткен сайын тұрғындар саны көбейген шаһарда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектеп бой көтермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Насыбайшылар қолға түсті 1 оқу мин Әлеумет Насыбайшылар қолға түсті 12.06.2026 6016 В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 1 оқу мин Әлеумет В Алматинской области состоялся очередной важный семинар для членов информационно-разъяснительной группы, работающей в сфере профилактики религиозного экстремизма и терроризма 11.06.2026 3781 Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 1 оқу мин Әлеумет Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында маңызды оқыту семинары өтті 11.06.2026 4192