Әлеумет Ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді Редактор 05.10.2023 14247 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданында білім алған “Болашақ” бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов өзі білім алған №28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Туабітті жүрек ақауы бар сəбилердің жүрегіне бір өзі 400-ден астам ашық операция жасаған ең жас балалар кардиохирургі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді: — Кішкентай ғана сәбилердің жүрек дейтін ең бір нәзік ағзасына ота жасаған сайын есіме ұстаздар түседі. Біз бір отада бір ғана баланың жүрегін көреміз, ал ұстаздар бір сабақта неше баланың жүрегіне жол табады? Менің де жүрегімнен орын алған ұстаздар бар…Мен халық тығыз орналасқан өңірде өстім. Ауылдағы жалғыз мектеп еді. Менің медицина саласына келуіме де ұстаздарымның еңбегі сіңді деп сеніммен айта аламын,- деді Беркін Көшербайұлы. Айта кету керек, Беркін Көшербайұлы туабітті жүрек ақауымен туған сəбилерге ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір килограмға толмай шала туған сəбилердің жүрегіне ашық операция жасайды. Ресей, Италия, Корея, Швейцариядан келген əріптестерімен бірге сырқаттарға ота жасаған. Келестіктер осылайша “Ұстазыма мың алғыс” челленджіне белсенді түрде қатысуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 7016 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592