Ұстаздар күніне орай 2023 жылдың 5 қазан күні Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дублер күні» өтті. Бұл күні өзін өзі басқару ұйымының мүшелерінен мектеп әкімшілігі құрылып, 5-11 сынып оқушыларына оқшалып мұғалім болып сабақ өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді. Керемет іс-шараны ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі Даниярова Гүлназ апайға алғыстарын білдірді. Білім ұясында ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі, әрі шәкірттердің асыға күтетін күні ол «Өзін-өзі басқару күні». Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай 2023 жылдың 5 қазан күні Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Әшірбек Сығай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дублер күні» өтті. “ДУБЛЕР КҮНІН» өткізуде Парламент Президенті Шараш Динара бастаған 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің қызметін мектеп Парламент Президенті, 10 сыныппен 11 сынып оқушылары атқарды. Оқушылар ұстаздық жолдың қызығы мен қиындығын қатар сезініп, алған әсерлерімен бөлісті. Дублер күнінің соңында мектеп әкімшілігінің мүшелері жиналыс өткізіп, жұмыстарды талдап, қорытындылады.