Түркістан облысы Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты И.Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру жобасы аясында БҰҰ-ның халық қоныстану қорының ұлттық кеңесшісі Сағадат Сәбитова жасөспірім ұл балалармен «Әкелерге арналған», «Отбасында бейбітшілік, зорлық, зомбылықсыз қауымдастық»,Y- PEER халықаралық еріктілер желісінің тренері Күмісай Артықбаева жасөспірім қыз балалармен «Ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке жасөспірім білім алушыларымен қоса ДТІЖО, педагог-психологтар, сынып жетекшілер қатысты. Мақсаты: әкенің отбасындағы тәрбиеге өте маңызды рол атқаратындығын көрсете білу, қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру. Жасөспірім қыздарға жыныстық өмірдің мәні, адамның психосексуалды ерекшеліктері жөнінде түсінік беру. Тренинг барысында білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сауалнама алынды және ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.