Аграрлы аймақ – Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында «Нұр отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ордабасы ауданындағы көкөніс өсірумен айналысатын еліміздегі ең ірі жылыжай кешені – «Аделя» ЖШС-нда болып, жұмысшыларымен кездесті.
«Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша іске қосылған бұл жобаның инвестициялық құны 5,3 млрд. теңгені құрайды. Жалпы аумағы 16 гектар болатын «Аделя» жылыжай кешені жылына 8,4 мың тонна өнім жинайды. Оның 70 пайызы қазақстандық нарыққа шығарылса, қалған 30 пайызы Ресейге экспортталуда. Франсуздық «RISHEL» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған кәсіпорында шамамен 200 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жылыжай кешенінің жұмысын аралап көрген Партия Төрағасының Бірінші орынбасары ел Тәуелсіздігі жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын, бүгінде бұл саланы одан әрі дамытуға мемлекеттен барлық қолдаулардың жасалып жатқанын атап өтті. «Осыдан 10 жыл бұрын мынадай еуропалық деңгейдегі жылыжайды армандаудың өзі қиын болатын. Енді міне, мемлекеттік қолдаулардың арқасында, «Агробизнес — 2020» бағдарламасының нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отырмыз.