Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына енген жалғыз Кентау қаласында бүгінде кен өндіру ісі өрге өрлеп келеді. Осы уақытқа дейін .зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар аймақта 70 жылға дейін өндіруге болатын жер асты байлығын тапқан болатын. Өңірдің экономикасын көтеретін кен өндіру ісін қазір мамандар аталмыш бағдарлама аясында қайта қолға алған. Жақында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісінің мамандары «Қызыл ата» кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Кен барлау жұмыстарының алғашқы нәтижелері қос қолдап қуаттайтындай-ақ. Себебі мыс, темір рудалары шығып жатыр. Қазіргі таңда кен орнында бұрғылау жұмыстары жалғасуда. «Қызыл ата» кен өндіру жұмыстарын қолға алған «Айқараауыл» таукен компаниясы жұмысты тиісті деңгейде жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда кен өндіру орнында 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Қажетті техникалық жабдықтармен және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылатын адамдар саны да артпақ. Қаламда кен өндіру жұмыстары қайта қолға алынды. Бұл өз кезінде қаланың экономикалық дамуына серпіліс беріп, жұмыссыздар саны төмендейтіні анық.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498