Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданы бүгінде түлеп, түрленіп келеді. Аудан басшысы Б.Парманов екі ай көлемінде ауданды көркейту және абаттандыруды қолға алып, бірқатар жұмыстар атқаруда. Ауданда туризмді дамыту мақсатында, кіреберіс қақпаны абаттандыру, көркейту жұмыстарына аудан бюджетінен 19 миллион 400 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар тиянақты орындалуда. Төлеби ауданы Екпінді ауылы Т.Назарбеков көшесінің тұрғындарының өтінішіне сәйкес, аудан басшысының бастамасымен Біркөлік және Ақмешіт шатқалдарына баратын Екпінді елді мекен жолдарын кеңейту, жарықтандыру, жолаяқ салу, абаттандыру және көркейту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп отыр.
Жолдың бойындағы ретсіз өскен ағаштар кесіліп, жол жиектері кеңейтіліп жатыр. Келіп демалушыларға қолайлы болу үшін гүлзарлар мен орындықтар орнату жұмыстары қолға алынуда. Бұл жұмыстарды ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар және аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары атқаруда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498