Бүгінде білімді ұрпақ тәрбиелеу басты ұстын болып отыр. Ол үшін ауыл, аудандардағы кітапхана жүйелерін жаңалау, қорын толықтыру бағытында біршама ілкімді тірліктер атқарылуда. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби аудандық орталық кітапханасында ҚР ҰКП «Атамекен» кәспкерлер палатасының төрағасы Әлтай Нұржан Бауыржанұлының бастамасымен «Білімді ұрпақ... оқы және өркенде» атты жастарды оқуға тарту, оларға заманға сай жағдай жасау мақсатында қозғалыс акциясы өтті. Алдын ала кәсіпкерлер орталық кітапхананың оқу залын заман талабына сай жаңа жиһаздармен, кілемдермен, жастарға аудио, видео материалдарды оқуға құлаққаптап, маниторлар, dvd және 100-ден астам жаңа кітаптармен толықтырды. Іс-шараның ашылу салтанатына ҚР ҰКП «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әлтай Нұржан Бауыржанұлы, аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шынғысбаев, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек, медициналық колледж студенттері, қала мектеп оқушылары, мәдениет қызметкерлері және БАҚ қатысты. Мұндай заманауи құрал жабдықтармен жарақтандырылған кітапхана облыстағы өзге бірде бір ауданда жоқ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498