Бүгінде экономикалық өсім Оңтүстік Қазақтан облысының барлық аудандарында байқалады. Күзгі есеп қисап науқанында аудандардың әл ахуалы көтерілгені байқалып отыр. Бүгінде Бәйдібек ауданының экономикасын дамыту мақсатында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аудан әлеуетін арттыру мақсатында қосымша инвестициялар тарту бойынша үш бағытта жұмыс атқарылуда. Бірінші бағытта жалпы құны 929 миллион теңге болатын травертин тастарын өндіретін төрт жоба болып тұр. Бұл аймақағы ірі жобалардың басқысы. Ал екіншісі баламалы электр энергиясын өндіретін тағы да төрт жоба іске аспақ. Әзірге ауыз толтырып айтылып жатқан жобалар нақты жүзеге асқан жағдайда аудан түгілі облыстың экономикасын көтеруге көп күш болмақ. Онсыз да аграрлы аймақ саналатын Бәйдібек ауданында үшінші бағыттағы жобалар ауыл шаруашылығы саласына арналып отыр. Олар тауарлы сүт фермасы және сүтті қайта өңдеу зауыты болмақ. Оныңм өнімденрі тек облыст ықамтып қана қоймай көршілес облыстарға да шығару мүмкіндігі мол. Асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығының да қосар үлесі қомақты болмақ. Өңірдегі мал басын көбейтіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын өрістету үшін алдымен жайылымдық жер көлемін ұлғайту күн тәртібіндегі мәселе болып тұр. Ол үшін қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде.