Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустриялды аймақтар құру туралы тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданындағы Боралдай ауылдық округіндегі Жыланды елдімекенінен 21 гектар жер белгіленіп отыр. Қажетті инфрақұрлым тартуға 326,6 миллион теңге қаралып, құрылыс жүруде. Сондай-ақ, индустриялды аймақты ұлғайту мақсатында қосымша 39 гектар жер белгіленіп, нәтижесінде 60 га жетіп отыр. Бұл аймаққа травертин тастарын өндіретін төрт зауыт енгізілмек.Сонымен қатар ауданнан 895 га жер телімі араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығына беріліп, бүгінге дейін мұнда 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылды. Онда 120 адам жұмыс атқарса, оның 30 пайызы — аудан тұрғындары. Алдағы уақытта жобаның екінші кезеңі іске асып, тағы 3,5 млрд теңге шетел инвестициясы тартылмақ. Аудан әкімдігі мен құс өсіру орталығының басшылығы арасында келісім жасалып, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңадан ашылатын 400-ге жуық жұмыс орнының 80 пайызына бәйдібектік тұрғындар қамтылатын болады. Сонымен қатар қосымша кіріс көздерін қалыптастыру үшін құс өсіру орталығын салық төлеуші ретінде аудан есебіне тіркеу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498