
Ұлт жоспарының 95-қадамында Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу туралы жазылған. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдері, мемлекеттің мекеме басшылары атқарған шаруалары туралы есеп беруде. Жуырда Бұл Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев Оңтүстік Қазақстан облыстық Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудандағы әлеуметтік-экономикалық өсім туралы баяндады. Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр. «Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті.