Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Аталған грантқа ие болу үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өз жобасын қорғау керек болатын. Комиссия алдында өзінің жобасының артықшылықтары туралы баяндаған кәсіпкер ақыры грантты иеленді. Кентаулық кәсіпкер бүгінде балық шаруашылығын дамытып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласындағы «Бунед» шаруа қожалығы жылына 12 мың тоннаға жуық балық өсіруде. Шаруа бүгінде 3 гектар жерге жасанды 14 көлшіктер жасап, сонда балықтың үш түрін өсіріп келеді. Алдағы уақытта кәсіпкер тұрғындарға балық аулауға мүмкіндік жасап, демалатын орын салуды жоспарлап отыр. Оның қызметін пайдаланушылардың қатары аз болмайтыны анық. Кенді қаланың өркендеуіне үлес қосып отырған кәсіпкердер мұнда аз емес. Тек өндіріс саласы ғана емес, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шарушылығы да өркендеп келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында тұрғындардың әл-ауқаты артып, жаңа салаларға бет бұруда. Олай дейтініміз, Кентау қаласында шағын кәсіпкерлікпен айналысамын деген кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 40-қа жуық қала тұрғыны қайтарымсыз гранттың иегері атанып, түрлі орталықтар ашып кәсібін домалатуда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498