Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында шетелден келген туристерге «бізде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтанып көрсетуге тұрарлық жерлеріміз жетерлік. Жыл сайын күнгейге келетін туристер легі артып отыр. Сол себепті «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған инфрақұрылымды жақсарту жүзеге асқанда туристер саны тіптен көбейері анық. Әлемнің әр түкпірінен ағылатын туристер ең алдымен барғысы келетін аумақ әрине Түркістан. Сондықтан да киелі қаланың тарихи-мәдени нысандарының туристік инфрақұрылымын дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалынды. Алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі таушаңғысы курорты да демалу салынбақ. Демалыс аймағы Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында салынатын болады. Теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте орналасқан табиғаты ең әсем аймақтың бірі. Келешекте Шымбұлақтан да әсем кейіпке енетін болады. Бұл аумақта зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізген мамандар 8 тау шатқалынан бір уақытта, 25 мың шаңғышы сырғанай алады дейді. Шаңғы курорты нысандары яғни, қонақүйлер, мейрамханалар, фитнес-орталықтар және ойын-сауық кешендері жеке инвестиция есебінен салынатын болады. Австриялық бизнесмендер емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін Сарыағашта курорттық аймақ құрылысын инвестициялауға қаржы салуға дайын. Жаңа курорт қалашығы жобасында қажетті нысандар құрылысына 530 гектар жер бөлу қарастырылған. Келешекте курортты мекен үлкен қалашыққа айналмақ.