Шөбі шүйгін, жері құнарлы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында асылтұқымды мал басын көбейту үшін ауқымды шаралар атқарылуда. Бұл аудандағы әрбір шаруашылыққа қойылып отырған басты талап десе де болады. Соған орай аудандағы әрбір шаруашылық асыл тұқымды мал басын арттыруға ден қойып отыр. Себебі асыл тұқымды мал етті және сатуға өте тиімді. Қазіргі таңда ауданда асыл тұқымды үш мыңнан астам ірі қара мал, сегіз жүзге жуық жылқы бар. Осыдан үш жыл бұрын Австралиядан ангус және герефорд асылтұқымды ірі қара малдар әкелінген болатын. Бүгінде олар жерсініп, төлдеп, мал басы 800-ден асты. Жабағылы ауылындағылар осылайша мал басын түгелімен асылдандыруға ден қойып отыр. Аудандағы Керейт ауылында да Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан елінен әкелінген жылқы малының асылтұқымын көбейтті. Бүгінде 180-ге тарта асыл тұқымды жылқылар бар. Аймақта мал шаруашылығын дамыту, малдарды асылдандыру мемлекеттік бағдарламалары толығымен жүзеге асырылды. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылғы жоспарда 100 бас аналық алу белгіленген болса, жарты жылдың өзінде 364 бас аналық, 12 бас бұқа сатып алынып, тапсырма 3,6 есе орындалды.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498