
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Бадам ауылында «Ордабасы нан» ЖШС-i бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Тәулiгiне 200 тонна ұн шығарса, биыл диiрменнiң өндiрiс қуаттылығы екi есеге ұлғайтылған. Мұнда үш ауысымда ауылдың 104 тұрғыны еңбек етеді. «Бизнестiң жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасының «Өндiрiс-2» желiсi бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзiмге «Даму» кәсiпкерлiктi қолдау қоры арқылы 470,0 миллион теңге несие алған кәсіпорын бүгінде соның арқасында жылдық қуаттылығын арттырып отыр. Серіктестіктегі жұмыс қарқынына қарқын қосып отырған құрылғылардың барлығы да Түркиядан жеткізілген. Толығымен автоматтандырылған жаңа технологиялардың арқасында еңбек өнімділігі артып отыр. Тәулігіне жоғары, бiрiншi, екiншi сұрыпты – барлығы 390 тонна ұн өндiрiледi. Биыл астық түсімі мол болғандықтан шикізат тапшылығы жоқ. Бидайды Қазақстанның барлық облыстарынан сатып алуда. Кәсiпорын ұнға деген iшкi сұранысты өтеп қана қоймай, Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортқа шығаруда. Алдағы уақытта Қытайға да экспорттауды жоспарлап отыр.