Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Бадам ауылы қыш өндірумен де аты алысқа кетіп тұр. Оның өндірген сапалы қыштары бүгінде облыстағы әлеуметтік нысандардың қабырғасында қалаулы. «Агро-V» ЖШС-нiң қыш зауытының қыштарына сұраныс жоғары. «Үдемелi индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында iске қосылған өндіріс орны тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Оның құрылысына 526,9 миллион теңге жұмсалған. Инфрақұрылым 148,0, миллион теңгеге жүргiзiлдi. Толықтай заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында 62 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қазiргi таңда зауыт күнiне 55 мың кiрпiштi iшкi нарыққа шығаруда. «Агро-V» ЖШС-нiң өндірген бір кiрпiшінiң бағасы – 35 теңге. Тапсырыс беретіндердің басым бөлігі құрылыс жүргiзетiн компаниялар. Келесi жылдан бастап тәулiгiне 60-70 мың кiрпiш өндiруді жоспарлап отыр. Өндіріс орны ауданды ғана емес облысты да сапалы күцдірілген қышымен қамтамасыз етіп отыр.