
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс саласында қарқынды жұмыс атқарып отырған кәсіпорындар жетерлік. Солардың бірі «Оңтүстiк Құрылыс Сервис» ЖШС-i темiр-бетон бұйымдарының барлық түрiн шығарады. Әрі өніміне деген сұраныс та жоғары. Мұндай сапалы өнім шығаратын басқа өндіріс орны жоқ. Сондықтан да шығарған өнімдері шаң басып жатып қалған емес. Мұндағы технология толықтай шетелден әкелінген. Жұмыс қарқынын арттыруда көмегі көп. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы қаржыландырылған құрылыс компанияда бүгiнде сексенге жуық адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Бүгінде серiктестiк тек қана бұйым шығарумен шектеліп қалмай 9 қабатты 4 үйдiң құрылысын жүргiзуде. Сондай-ақ «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Меga SMART» ЖШС-i де бүгінде табысты еңбек етуде. Серіктестікке 345,2 миллион теңге инвестиция тартылған. Мұнда 40 адам жұмыс iстейді. Қндірістік цехта кеңсе және асхана жиһаздарын жасап шығарады. Елімізге ғана шығарып қоймай көршілес елдерге де экспорттауда. Ал шикізатты Ресейден алдыртады.